Аудан әкімі Нұрлыбек Унербаев жұмыс сапарымен Ащылысай ауылдық округіне барды. Сапар барысында округ аумағында орналасқан «Қасқыр сарқырамасына» апаратын кіреберіс автомобиль жолының құрылысы жұмыстарымен танысты.
Аталған жол құрылысы жобасын «Шымкент дорСтрой» ЖШС мердігер компаниясы жүзеге асыруда. Жолдың жалпы ұзындығы 4,7 шақырымды құрайды. Қазіргі уақытта нысанда жер төсемін дайындау және жол жабындысының негізін қалыптастыру бойынша негізгі құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Аудан әкімі мердігер мекеме өкілдеріне жұмыстың сапасына баса назар аударып, құрылысты белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды. Сондай-ақ, жолдың пайдалануға берілуі өңірдің туристік әлеуетін арттыруға және «Қасқыр сарқырамасына» келушілерге қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік беретінін атап өтті.