«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ӨТКІЗІЛІП ЖАТҚАН СЕНБІЛІКТЕРДІҢ БАРЫСЫ ТАЛҚЫДАНДЫ!

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ӨТКІЗІЛІП ЖАТҚАН СЕНБІЛІКТЕРДІҢ БАРЫСЫ ТАЛҚЫДАНДЫ!

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ӨТКІЗІЛІП ЖАТҚАН СЕНБІЛІКТЕРДІҢ БАРЫСЫ ТАЛҚЫДАНДЫ!

Бүгін аудан әкімі Нұрлыбек Унербаевтың төрағалығымен аппараттық жиналыс өткізілді. Жиын барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар маңызды мәселелер қаралды.
Атап айтқанда, «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында өткізілген сенбіліктердің барысы талқыланып, елді мекендердің санитарлық тазалығы мен абаттандыру жұмыстарын күшейту қажеттігі атап өтілді.
Сонымен қатар, аудандағы сәулеттік келбет талаптарының сақталуы, жер учаскелерін нысаналы мақсатына сай пайдалану мәселелері қарастырылды. Заңнама талаптарын бұза отырып пайдаланылып жатқан немесе игерілмеген жерлер бойынша тиісті шаралар қабылдау қажеттігі тапсырылды.
Күн тәртібіндегі келесі мәселе – көктемгі егіс науқанына дайындық барысы. Бұл бағытта жауапты мекемелерге нақты тапсырмалар беріліп, ауыл шаруашылығы жұмыстарын уақытылы әрі сапалы жүргізу міндеті қойылды.
Жиын қорытындысы бойынша аудан әкімі жауапты бөлім басшыларына бірқатар нақты тапсырмалар жүктеп, олардың орындалуын тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.