Ақпараттық кездесу өтті

Ақпараттық кездесу өтті

Қарғалы ауданы Шәмші Қалдаяқов ауылы Пацаев орта мектебінде, сондай-ақ №2 Бадамша орта мектебінің жоғарғы сынып оқушылары мен жас мамандарына арналған ақпараттық кездесу өтті. Іс-шараға Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, теолог Елдос Жұмаділдә қатысып, «Діни сауаттылықты қалыптастыру» тақырыбында мазмұнды дәріс оқыды.

Кездесу барысында қатысушыларға діни радикализмнің алдын алу, қоғамдағы рухани тұтастықты сақтау, жастардың діни білімін арттыру мәселелері туралы кеңінен ақпарат берілді. Сонымен қатар оқушылар мен жас мамандар тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты жауаптар ұсынылып, ашық пікір алмасу ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты – жастардың діни сауаттылығын күшейту, олардың сыни ойлау қабілетін дамыту және ықтимал теріс діни ағымдардан сақтандыру. Кездесу жоғары деңгейде өтіп, қатысушыларға маңызды білім мен түсінік берді.