Құтқарушылар күніне арналған салтанатты шара өтті.

Құтқарушылар күніне арналған салтанатты шара өтті.

Құтқарушылар күніне арналған салтанатты шара өтті.

Бүгін, 19 қазан – еліміздегі маңызды кәсіби мерекелердің бірі – Құтқарушылар күні. Бұл күн 1995 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен белгіленіп, содан бері халықтың қауіпсіздігі мен амандығы үшін аянбай еңбек етіп жүрген азаматтарға арналған ерекше күн ретінде аталып өтеді.

Ауданымызда осы айтулы күнге орай салтанатты шара ұйымдастырылды. Іс-шараға аудан басшылығы, төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері, ардагерлер және тұрғындар қатысты.

Мерекелік бағдарлама аудандық өнерпаздардың қойылымы мен ән кешімен жалғасты. Өнер ұжымдары көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, мерекелік шараны айрықша көркем етті.

Құтқарушылар күні – батылдық пен қайсарлықтың, адам өміріне деген құрметтің мерекесі. Бұл күн – ел тыныштығы мен қауіпсіздігі жолында аянбай еңбек етіп жүрген азаматтарға деген алғыс пен құрметтің белгісі болып қала береді.