Аудан әкімі Нұрлыбек Унербаев «AMANAT» партиясының аудандық филиалы ғимаратында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.
Қабылдау барысында тұрғындар әлеуметтік қолдау, жұмыспен қамту, жер қатынастары, коммуналдық қызметтер және инфрақұрылымға қатысты өздерінің өтініштерін жеткізді.
Аудан басшысы әрбір көтерілген мәселені мұқият тыңдап, жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берді. Сонымен қатар, заң аясында шешімін табатын өтініштер бақылауға алынып, орындалу барысы қадағаланады деп атап өтті.
Аудан әкімі тұрғындармен ашық әрі тікелей байланыс орнатып, әрбір азаматтың өтініші назардан тыс қалмайтынын жеткізді.