Қарғалы ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жүйелі түрде жалғасын табуда. Акцияның басты мақсаты – елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсарту, қоршаған ортаны қорғау және тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыру болып табылады.
Аталған іс-шараға мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, білім беру ұйымдарының ұжымдары, жастар мен еріктілер, сондай-ақ жергілікті тұрғындар белсенді түрде қатысуда. Сенбіліктер барысында көшелер мен қоғамдық орындар, саябақтар тазартылып, тұрмыстық қалдықтар шығарылуда.
«Таза Қазақстан» акциясының өткізілуі аудан тұрғындарының экологиялық жауапкершілігін арттырып, табиғатты аялауға және елді мекендерді абаттандыруға айрықша ықпал етуде.