Халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты түсіндіру мақсатында Қарғалы ауданының тұрғындарымен семинар өткізілді.

Халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты түсіндіру мақсатында Қарғалы ауданының тұрғындарымен семинар өткізілді.

2025 жылдың 29 шілде күні «Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы» ММ-нің мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында «Атамекен» студенттер отрядттарының жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен, халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты түсіндіру мақсатында Қарғалы ауданының тұрғындарымен кездесіп, семинар өткізілді.

Семинар барысында спикерлер: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлар Шаңғытбаев Нұржан Құрманғалиұлы және Тағанов Еркебулат Серикұлы сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу жемқорлыққа қарсы мәдениет пен сананы қалыптастыру мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет түсінігі, құрылымы, міндеттері мен функциялары жайында ақпараттар беріліп, жиынға қатысушылардың ұсыныс-пікірлері тыңдалды.

Топ мүшелері жиын соңында аудан тұрғындарына құқықтық және проблемалық мәселелері бойынша азаматтарға арналған қоғамдық қабылдау жүргізіп, сауалдарына жауап берді.
Сондай-ақ, ауданға жасаған жұмыс сапары аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлар Қарғалы ауданындағы құрылыс жұмыстары ұзаққа созылған , сонымен қатар мемлекеттік тапсырыс негізінде салынған көпқабатты тұрғын үй кешендеріне және көше аралық жолдардың жөндеу жұмысына мониторинг жүргізді.