Аудан орталығында Шәмші Қалдаяқов ауылы «Ауылдар күні» мерекесі аясында тағылымды мәдени іс-шара ұйымдастырылды. Бұл шара ауыл жұртшылығының көңіл-күйін көтеріп, ауыл өмірінің мән-маңызын айқындай отырып, қоғамдағы бірлік пен ынтымақты арттыра түсті.
Мерекелік бағдарлама шеңберінде ұлттық спорт түрлерінен жарыстар, қолөнер шеберлерінің және кітап көрмесі, ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Сондай-ақ балалар мен ересектерге арналған көңілді байқаулар ұйымдастырылып, ауыл өнерпаздары концерттік бағдарлама ұсынды.
Мұндай игі бастамалар ауыл тұрғындарының рухын көтеріп, ұлттық салт-дәстүр мен бірлікті сақтау ісіне оң ықпал етеді.