Желтау ауылдық округінде «Ауылдар күні» аясында мазмұнды мәдени шара өтті.
Мерекелік іс-шара ауыл тұрғындарына көтеріңкі көңіл күй сыйлап, ел бірлігін нығайта түсті.
Бағдарлама аясында ұлттық спорт түрлерінен жарыстар, қолөнер мен кітап көрмесі, ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Сондай-ақ балалар мен ересектерге арналған байқаулар өткізіліп, ауыл өнерпаздары көңілді концерттік бағдарлама ұсынды.
Бұл күн ауыл өмірінің ерекшелігін айшықтап, тұрғындар арасындағы ынтымақ пен берекені арттыра түсті. Ауылдың дамуына үлес қосқан белсенді азаматтарға алғыс білдіріліп, елге қызмет ету – басты құндылық ретінде дәріптелді.