📢 «Таза Қазақстан» акциясы аясында тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, құлақтандырулар таратылды.
Аталған шараның мақсаты – қоршаған ортаны таза ұстау мәдениетін қалыптастыру және әрбір азаматтың жауапкершілігін арттыру. Тазалық – тек сенбілікпен шектелмей, күнделікті әдетке айналуы тиіс.
Баршаңызды тазалықты сақтауға, туған жерімізді бірге қорғап, көркейтуге шақырамыз! 🌿
Таза орта – жарқын болашақтың кепілі!
#ТазаҚазақстан #Тазалық #ҚоршағанОрта #БіргеТаза