Қарғалы ауданының әкімі Нұрлыбек Унербаев Бадамша ауылдық округінде жол құрылысы жүргізіліп жатқан нысанда болып, атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты.

Аудан басшысы жол салу жұмыстарының сапасына, құрылыс мерзімінің сақталуына және қолданылып жатқан материалдардың талаптарға сәйкестігіне ерекше назар аударды. Сонымен қатар, мердігер ұйым өкілдерімен кездесіп, жобаны уақтылы әрі сапалы аяқтау қажеттігін атап өтті.
Аталған жоба ауыл ішіндегі жол инфрақұрылымын жақсартуға, тұрғындардың қатынауын жеңілдетуге және жалпы өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған.
Аудан әкімі жол құрылысы жұмыстарының әр кезеңі тұрақты бақылауда болатынын жеткізіп, жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берді.