Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі, «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлерінің палатасы, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы және жергілікті атқарушы органдар «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы туралы» ҚР Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы №523 Жарлығына сәйкес Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсын 2025 жылы өткізуін хабарлайды.
Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсарту үшін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қоғам алдындағы өзінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыруға және арттыруға бағытталып, жеке кәсіпкерлік субъектілерін өз қызметкерлері үшін, сол секілді тұтас алғанда қоғам үшін де әлеуметтік мәселелерді шешуге ынталандыру, қолда бар оң тәжірибені көрсету және кеңінен таратылуы бойынша әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру, корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік мәселелері бойынша халықты жаппай ақпараттандыруға арналған.
Конкурсқа келесі санаттар бойынша жеке кәсіпкерлік субъектілері (бұдан әрі - үміткерлер) қатыса алады:
шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі;
ірі кәсіпкерлік субъектісі;
Үміткерлер тұтас алғанда қоғамның және соның ішінде жеке кәсіпкерлік субъектісі қызметкерлерінің әл-ауқатын жақсартуға бағытталған, өздерінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін растайтын әлеуметтік бағдарламаларын ұсынуға тиіс.
Бағдарламалар мен олардың жобаларына үміткерлер дербес және/немесе азаматтық қоғам институттарымен және жергілікті атқарушы органдармен әріптестікте жүзеге асыратын және әлеуметтік салада оң өзгерістерге қол жеткізуге бағытталған іс-шаралар кіреді.