IQ BATTLE – 2026 интеллектуалды квиз сайысы өтті!

IQ BATTLE – 2026 интеллектуалды квиз сайысы өтті!

IQ BATTLE – 2026 интеллектуалды квиз сайысы өтті!

Қарғалы аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Biblio Arbat ашық аспан алаңында жастардың білімін, логикалық ойлау қабілетін және топтық ұйымшылдығын сынаған «IQ BATTLE – 2026» интеллектуалды квиз сайысы жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Сайыс барысында қатысушылар түрлі бағыттағы қызықты сұрақтарға жауап беріп, білімдері мен тапқырлықтарын ортаға салды. Нәтижесінде үздіктер анықталып, жеңімпаздар салтанатты түрде марапатталды.

🥉 III орын – «Замандас» тобы
🥈 II орын – «Әділет партиясы» тобы
🥇 I орын – «Фин Культура» тобы

📜 Алғыс хатпен «Жалын» тобы марапатталды.

Барлық қатысушыларды шын жүректен құттықтаймыз! Осындай интеллектуалды сайыстар жастардың білімге деген қызығушылығын арттырып, ой-өрісін кеңейтіп, достық пен бірлікті нығайтуға зор үлес қосады.

Жеңімпаздарға жаңа белестер мен толағай табыстар тілейміз!