
ДАУЫЛДЫ ЕСКЕРТУ
«Қазгидромет» РМК-ның мәліметіне сәйкес, 2026 жылғы 10 шілдеде Ақтөбе облысында қолайсыз ауа райы күтіледі.
🌧️ Облыстың батысында, солтүстігінде және орталығында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл болжанады. Түнде облыстың батысында кей жерлерде қатты жаңбыр жауады.
💨 Солтүстік, солтүстік-шығыс желі 9–14 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде және орталығында екпіні 15–20 м/с.
🌡️ Ауа температурасы:
▪️ түнде +19…+24°С, облыстың оңтүстігінде +27°С;
▪️ күндіз +33…+38°С, облыстың оңтүстігінде +41°С дейін өте қатты ыстық, облыстың солтүстігінде +30°С.
📍 Ақтөбе қаласы:
Ауыспалы бұлтты. Кей уақыттарда жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі.
💨 Жел солтүстік, солтүстік-шығыстан 7–12 м/с, екпіні 15–18 м/с.
🌡️ Температура:
▪️ түнде +21…+23°С;
▪️ күндіз +30…+32°С.
❗ Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындардан қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды сұрайды!
✔️ Қатты жел кезінде ағаштардың, электр желілері мен жарнамалық қалқандардың маңында тұрмаңыз.
✔️ Найзағай кезінде ашық жерде жүрмеңіз.
✔️ Ауа райының қолайсыздығын ескеріп, алыс жолға шығуды мүмкіндігінше кейінге қалдырыңыз.
✔️ Балалар мен қарт адамдардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударыңыз.