Аудандарға бірлескен жұмыс сапарлары жалғасуда!

Аудандарға бірлескен жұмыс сапарлары жалғасуда!

Аудандарға бірлескен жұмыс сапарлары жалғасуда!

Өңірлік кәсіпкерлер палатасы мен облыстық мәслихат арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында облыс аудандарына жұмыс сапарлары жалғасуда. Негізгі мақсат – жергілікті кәсіпкерлермен ашық диалог орнатып, ауыл кәсіпкерлігіндегі жүйелі мәселелердің шешу жолдарын бірлесіп қарастыру.

📍 Бұл жолы жұмыс тобы Қарғалы ауданына барып, «Медовик» шаруа қожалығының омартасын, Елеусізовтер отбасының жылыжай шаруашылығын, «АкТеп» ЖШС-нің заманауи көкөніс қоймасын, «Моя семья» наубайханасы мен «Ақжол» жол бойы дәмханасының жұмысымен танысты.

Кәсіпкерлер бірқатар өзекті мәселелерді көтерді:
🔸 омарташылық саласын мемлекеттік қолдау қажеттілігі;
🔸 жылыжай шаруашылығын дамыту және картоп өсіруге арналған жер телімдерін кеңейту;
🔸 әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өндірушілері үшін электр энергиясының тарифтерін төмендету;
🔸 жол бойы сервисі саласындағы кадр тапшылығы.

Көтерілген барлық ұсыныстар мен проблемалық мәселелер бақылауға алынды. Олар Палата сарапшыларының қатысуымен жергілікті атқарушы органдармен және облыстық мәслихаттың бейінді тұрақты комиссияларында жан-жақты қаралатын болады.