
Қарғалы ауданында жас мемлекеттік қызметшілерге Конституцияның арнайы басылымы табысталды
⚜️ Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының заңды күшіне енуіне орай Қарғалы ауданында кеңейтілген кеңес өтті. Іс-шараға аудан әкімі Нұрлыбек Унербаев пен «Степное» ЖШС директоры Аманғос Төлеуов қатысты.
🇰🇿 Кеңес барысында мемлекеттік қызметке жаңадан қабылданған жас мемлекеттік қызметшілер салтанатты түрде ант қабылдап, аудан әкімі олардың әрқайсысына Қазақстан Республикасы Конституциясының арнайы басылымын табыстады.
🔹 Өз сөзінде Нұрлыбек Унербаев жас мамандарды құттықтап, мемлекеттік қызметтің басты қағидаттары – заңдылық, әділдік, адалдық және халыққа қалтқысыз қызмет ету екенін атап өтті. Сондай-ақ Конституцияны басшылыққа ала отырып, ел мен ауданның дамуына лайықты үлес қосуға шақырды.