
Ауыл аймақты абаттандыру жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Бадамша ауылдық округінің әкімі Е.Дабилдин ауыл тұрғындарына 2026 жылғы 1 наурыздан бастап Қазақстан Республикасының заңнамасына енгізілген өзгерістер туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Аталған өзгерістерге сәйкес, енді жергілікті атқарушы органдарға аумақтарды абаттандыру қағидаларының сақталуын бақылау бойынша қосымша өкілеттіктер берілді.
Сондай-ақ, тұрғындарға елді мекен аумағында қоқыс тастауға, қоршаған ортаны ластауға жол берілмейтіні және мұндай құқықбұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылғаны түсіндірілді.
Ауыл әкімі азаматтарды тазалықты сақтауға, қоғамдық тәртіпке жауапкершілікпен қарауға және туған жердің көркеюіне бірлесе атсалысуға шақырды.