
Құрметті Қарғалы ауданының тұрғындары!
Сіздерді барша қазақстандықтар үшін айрықша мәні бар 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Тәуелсіздік – ата-бабамыздың сан ғасырлық арманы, ел бірлігі мен халықтың қажырлы еңбегінің жемісі. Осы жылдар ішінде Қазақстан бейбітшілік пен тұрақтылықты ту етіп, әлемдік қауымдастықта өз орнын айқындаған қуатты мемлекетке айналды.
Қарғалы ауданы да ел дамуына өз үлесін қосып келеді. Ауданымызда әлеуметтік-экономикалық даму бағытында жүйелі жұмыстар атқарылып, тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға басымдық берілуде. Бұл – бірлігіміз бен ортақ еңбегіміздің нәтижесі.
Осы мерекелі күні баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс, елімізге тыныштық пен тұрақты даму тілеймін. Тәуелсіздігіміз тұғырлы, егемендігіміз мәңгі болсын!
Ізгі ниетпен,
Қарғалы ауданының әкімі
Нұрлыбек Унербаев