Аудан орталығында Қос Естек ауылы «Ауылдар күні» мерекесі аясында ауылдың тарихы мен мәдениетін насихаттауға бағытталған танымдық мәдени іс-шара ұйымдастырды.
Бұл мерекелік шара ауыл тұрғындарына көтеріңкі көңіл күй сыйлап, ауыл өмірінің ерекшеліктерін насихаттап, ұлттық құндылықтарды ұлықтауға бағытталды.
Іс-шара барысында ұлттық спорт түрлерінен жарыстар, қолөнер бұйымдары мен кітап көрмесі, ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Сонымен қатар, балалар мен ересектер үшін түрлі байқаулар мен ойын-сауық бағдарламалары ұйымдастырылып, жергілікті өнерпаздар көрермендерге әсерлі концерттік бағдарлама ұсынды.
Ауылдың өркендеуі мен бірлігін дәріптейтін бұл мереке тұрғындардың белсенділігін арттырып, жастарға отансүйгіштік пен ұлттық рухты сіңіруге ықпал етті. Осындай шаралар ел ішіндегі татулық пен достықты нығайтып, рухани жаңғыру жолындағы нақты қадамдардың бірі болып табылады.