Ауыл шаруашылығын дамыту – басты мақсат
Бейнежазбада көрсетілген Жолшараұлы Ақылжан – «Ауыл аманаты» жобасының қатысушысы. Мемлекеттік қолдаудың арқасында ол жылқы шаруашылығын дамытып, ата кәсіпті қайта жандандыруда.
Жобаның мүмкіндіктерін тиімді пайдалана отырып, Ақылжан мал шаруашылығын қолға алып, ауыл экономикасының дамуына өз үлесін қосып келеді. Бүгінде ол бірнеше бас жылқы өсіріп, кәсібін кеңейтуді көздеуде.
Бұл бастама – ауыл тұрғындарының кәсіппен айналысуына жағдай жасап, еңбек арқылы табыс табуына жол ашуда.