Қарғалы ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен Атырау қаласында орналасқан 41433 әскери бөліміне 45 жас сарбазды салтанатты түрде әскерге шығарып салу рәсімі өтті. Іс-шараға аудан басшылығы, ата-аналар мен жергілікті қоғам өкілдері қатысып, жас сарбаздарға ақ жол тілеп, Отан алдындағы борыштарын абыроймен өтеуге шақырды.
Салтанатты жиында сөз сөйлеген аудан әкімінің орынбасары Е.Есімбаев, жастардың ел қорғау – қасиетті парыз екенін атап өтіп, олардың ерлік пен батылдықтың үлгісін көрсететініне сенім білдірді.