2025 жылғы 15 желтоқсан күні сағат 15:19-да Қарғалы ауданында, Жосалы және Ащылысай ауылдарының арасында орналасқан жазғы жолда екі автокөліктің қар құрсауында қалғаны туралы хабарлама түсті. Көліктерде барлығы 11 адам болған.
Оқиға орнына аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің 4 қызметкері және 2 техника бірлігі ( «Трэкол» вездеходы, «Toyota Hilux») жіберілді. Оқиға орнына жеткен кезде екі автокөлік — Hyundai Starex және Chevrolet Cobalt қар құрсауында қалғаны анықталды. Тексеру барысында көлік құралдарының техникалық ақауы бар екені белгілі болды.
Құтқарушылардың күшімен 11 адам Жосалы ауылына эвакуацияланды, ал автокөліктер қар құрсауынан шығарылды. Оқиға салдарынан қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында азаматтар алдын ала белгіленген қауіпсіз орындарға көшірілді. Эвакуациялау жұмыстары жедел әрі жоспарға сәйкес жүргізілді, азаматтарға қажетті көмек көрсетілді.