«Аmanat» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы тағайындалды

«Аmanat» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы тағайындалды

«Amanat» партиясы Ырғыз аудандық филиалының атқарушы хатшысы болып Айымгүл Сейілханқызы Оразымбетова тағайындалды. Аудан әкімдігінде өткен жиында «Amanat» партиясы Ақтөбе облыстық филиалының атқарушы хатшысы Ербол Данағұлов таныстырды.

 

Айымгүл Оразымбетова Ырғыз ауданында дүниеге келген. 1993 жылы Атырау педагогикалық институтының «Орыс тілі және әдебиеті»  мамандығы бойынша бітірді. 2005-2008 жылдары – «МонтажСпецСтрой Кызмет» ЖШС жабдықтау бойынша менеджер;

2009-2010 жылдары – «Жайнар» дүкен- мейрамхананың меңгерушісі;

2011-2013 жылдары – Ақтөбе облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасының библиографы;

2013-2015 жылдары – қалалық «Геолог» мәдениет үйі халыққа мәдени қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі;

2015-2019 жылдары – Ырғыз аудандық «Арай» мәдениет үйінің директоры;

2019-2021  жылдары – Ырғыз аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы қызметін атқарды. 2021 жылдан осы уақытқа дейін Ырғыз ауылдық округінің әкімі  болды.

Жиында аудан әкімінің орынбасары Азамат Махаев пен партияның облыстық филиалының атқарушы хатшысы Ербол Данағұлов және аудан ардагерлері оның қызметіне сәттілік тілеп, партия жұмысын жандандыруды тапсырды.

Жиында биылғы жылы атқарылатын жұмыстар пысықталды.

«Қарызсыз қоғам» жобасы бойынша тұрғындардың қаржылық сауатын арттыру, "Ауыл аманаты", "Жер аманаты" бағдарламалары бойынша  және Сайлауалды бағдарламаның орындалуы, депутаттық фракция, партиялық бақылау, қоғамдық қабылдау бөлмелерінің жұмыстарын үйлестіру туралы айтылды.