Агроөнеркәсіп кешенін дамыту бойынша жұмыс тобы Ырғызда

Агроөнеркәсіп кешенін дамыту бойынша жұмыс тобы Ырғызда

Ауданға арнайы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы бастаған агроөнеркәсіп кешенін дамыту бойынша жұмыс тобы келіп, шаруашылық құрылымдары басшыларымен кездесу өткізді. Кездесуге ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Жүсібалиев Асқар Қазиханұлы, ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Кеңбейлов Айсұлтан Айтмырзаұлы , Ветеринария басқармасының басшысы Сембай Айбек Қойшыбайұлы, Ветеринариялық бақылау және қадағалау инспекция басшысы Канадбаев Кеңес Құрманғалиұлы, Жер қатынастары басқармасы басшысының міндетін атқарушы Кабидуллин Адильбек Кабидуллаевич, Ақтөбе облыстық аумақтық инспекциясының бөлім басшысы Әбдрахманов Райым Шамшіұлы, Жер ресурстарын басқару департаментінің бөлім басшысы Қаршыға Жеңіс Қаршығаұлы, «Ақтөбе» ӘКК-нің мемлекеттік бағдарламамен жұмыс басқармасының бас несие маманы Ибраев Дархан Қуанышұлы, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ несиелеу бөлімінің бас маманы  Құсайын Мирас Таңатарұлы келіп, ауыл шаруашылығындағы өзекті мәселелерге тоқталып, шаруашылық құрылымдарының ұсыныс пікірлерін тыңдады. Жиын соңынан қабылдау өткізілді.