Ырғыз ауданына гуманитарлық көмек жіберілді

Ырғыз ауданына гуманитарлық көмек жіберілді

Бұған дейін ауданға жүк көліктері және тікұшақ арқылы 5 рет гуманитарлық көмек тасымалданды.

35 мың қап, 100 су етік, 100 күрек, 2 генератор, 2 қайық, 1 мотопомпа және азық-түлік қоры, көрпе-төсек, қажетті тұрмыстық заттар «Анаға тағзым» орталығынан жүк көліктеріне тиеліп, Ырғыз ауданының орталығына жөнелтілді.

Сондай-ақ, Қорғаныс министрлігі 30238 әскери бөлімінің 70 қызметкері  Құйлыс және Жайсаңбай ауылдарына аттанды.   Ырғыз ауданында жергілікті маңызға ие табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланған.

Еске салайық, өңірде су тасқынының алдын алу және салдарын жоюға қатысты іс-шаралар жалғасуда. Облыс әкімінің төрағалығымен жедел штаб, сондай-ақ 109 қызмет тәулік бойы жұмыс істейді.