Қауіптің алдын алу: Нұра және Мамыр ауылдарынан тұрғындар эвакуацияланды

Қауіптің алдын алу: Нұра және Мамыр ауылдарынан тұрғындар эвакуацияланды

Кеше облыс басшысы Асхат Шахаровтың тапсырмасымен Ырғыз ауданы Нұра және Мамыр ауылдарының тұрғындары қауіптің алдын алу мақсатында қауіпсіз жерге көшірілді. Мамырда - 152, Нұра ауылында 691 адам тұрады. 

Бұған - Торғай өзеніндегі су деңгейінің көтерілуі себеп.  

 

ҚР Қорғаныс министрлігінің тікұшағымен барлығы 80 адам (Мамыр ауылы - 74 адам, Нұра ауылынан - 6 адам), оның ішінде 53 бала эвакуацияланды. 

Ауыл тұрғындарын қабылдау үшін Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп, №1 және №2 орта мектептері, «Жігер» спорт кешені дайындыққа келтіріліп, қажетті заттармен жабдықталды.

Сондай-ақ, Мамыр және Нұра ауылдарына Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары және арнайы техника жұмылдырылды. Ауылдарды судан қорғау мақсатында бөгеттер нығайтылды. 

Тасқын су бөгеттен асып немесе жырылып кетсе, ауылды су басу қаупі туындайды.