Торғай өзеніндегі су көлеміне шолу жасалды

Торғай өзеніндегі су көлеміне шолу жасалды

2024 жылдың 31 наурызы күні облыс орталығынан су тасқынының алдын-алу шараларына сәйкес тікұшақ келіп, Нұра ауылдық округінің Торғай өзеніндегі су қорын шолуға шықты. Діттеген аймаққа төтенше жағдайлар министрлігі өртке қарсы қызмет комитетінің төраға орынбасары - Аманбаев Марғұлан Топашұлы және Ақтөбе облысы төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының орынбасары - Қалдыбаев Нұрхат Темірбайұлы арнайы келіп қарап, Нұра ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді.
Ауыл тұрғындарын сан-қырлы ойға салған ағын судың әлегі Торғай өзенінің қарқыны жоқ екендігін айтып, халықты бір қуантты. Су тасқынының айтып келмейтінін алға тартқан сала басшысы ертеңгі күні де тыңғылықты қарап, нақты шешім шығаратынын мәлімдеді.
Қуанышы еселене түскен нұралықтар бүгінгі күні дүниеге келген егіздермен қуануда. Ауыл тұрғыны, көпбалалы ана Қоңқаева Қаламқас аудан орталығына тікұшақпан жеткізілді, қазіргі таңда ананың да балалардың да жағдайы жақсы.
Аталған іссапар ертеңгі күні жалғасын тауып, қауіпті аумақтарға шолу жасалатын болады.