Көктемгі су тасқынының алдын алу шаралары

Көктемгі су тасқынының алдын алу шаралары

2024 жылғы 23 наурызда аудан әкімі Н.Қызбергенов Ырғыз ауданына қарасты республикалық маңызы бар Шалқар-Ырғыз автокөлік жолының 345-401 шақырым аралықтарына, көпірлер мен су өткізгіш құбырларына шолу жасады. Аталған аумақта жолдың жүріс бөлігі таза, көлік қозғалысына ешқандай кедергі жоқтығы анықталды.
Сонымен бірге, Н.Қызбергенов, аудан әкімінің орынбасарлары А.Уәли және А.Махаев, төтенше жағдай және әскери жұмылдыру жөніндегі бас маман А.Бақытқали аудандық маңызы бар автокөлік жолдарына шолу жасады. Аумақтардың су өткізгіш құбырлары тазартылып, көпірлері бақылауға алынды. Ауылдық округтер әкімдеріне тәулік бойы ахуалды баяндап отыру тапсырылды.