Наурыз келді, жыл келді!

Наурыз келді, жыл келді!

Ырғыздықтар наурыз мерекесін жоғары көңіл-күймен атап өтті. Алдымен мекеме-кәсіпорын ұжымы Жүргенов көшесіндегі той өтетін алаңға көш-керуен болып жетті. Атқа мінген балалар, ұлттық нақыштағы киім киген үлкендер мерекелік күйге сән бере келді. Бірін бірі құттықтап, арқа-жарқа болған ағайын мәз-мәйрам болып жатты...
🎶 Мерекені "Арай" мәдениет үйінің өнерпаздары "Жармоладағы наурыз тойын" атты театрландырылған қойылыммен бастады. Сахнаға көтерілген аудан әкімі Н.Қызбергенов жиналғандарды Наурыз мерекесімен құттықтады. Ауданның қоғамдық-саяси өмірі мен экономикалық дамуы жолында сүбелі еңбек еткен жерлестестерімізді "Ырғыз ауданының құрметті азаматы" атағымен марапаттады.
🎤 Мерекелік іс-шара мекеме ұжымдарының концерттік бағдарламасымен жалғасты. Олар "бастаңғы", "құда түсу", "қыз ұзату", "шілдехана", "бесікке салу" т.б. ұлттық дәстүрімізден хабар беретін қойылымдар көрсетіп, ән мен жырдан шашу шашты.
🎪 Балалар алтыбақан теуіп мәз болса, үлкендер спорттық жарыстарға қатысып жүлделі орындарды бөліп алып жатты. Ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылып, ырғыздықтар қызу сауда жүргізді.
🎊 Қазан-қазан наурыз көже асылды, ақ боз үйлерден жұрт дәм татты.
Жалпы ырғыздықтар жыл басы Наурыз мерекесін барынша көңілді өткізуге күш салды. Бұл - береке мен бірліктің тойы екенін көрсетті.