Ырғыз ауданының прокуратурасы алаяқтардан сақ болуға шақырады!

Ырғыз ауданының прокуратурасы алаяқтардан сақ болуға шақырады!

Алаяқтар қылмыстық ойларын түрлі сылтауларды пайдаланып және әртүрлі жолдармен жүзеге асырады.
Қазіргі уақытта алаяқтықтың жаңа түрлері, яғни қылмыскерлер Сізге қатысты жеке мағұлматтарды және Сіздің банктік карточкаңыз туралы мағұлматтарды алып, онлайн несие рәсімдеумен шотыңыздағы қаражаттарды жымқырады.
Сондай-ақ, алаяқтар әлеуметтік желілерде топтар құрып, ақшаны екі есе көбейтуді жарнамалайды.
Сонымен қатар, алаяқтықтың жие кездесетін бір түрі - сату туралы хабарландыру беру сайттарында жоқ тауарларға алдына-ала төлем алу арқылы.
Осыған байланысты, Ырғыз ауданының прокуратурасы күмәнді адамдарға және белгісіз нөмірлерден қоңырау шалып, жеке шотыңызды бұзылғаны немесе сыйлықтар ұтып алғандығыңыз туралы мәлімдегендерге сенбеуді, өзіңіздің жеке мағлұматтарыңызды (ЖСН, құжаттарыңыздың фотосуреттерін, банктік карточкаларыңызды) әлеуметтік желілерде жарияламауыңызды ұсынады.

Алаяқтардан сақ болыңыз!