Ырғыз ауданының Нұра ауылдық округі әкіміне кандидаттарды тіркеу қорытындысы туралы

Ырғыз ауданының Нұра ауылдық округі әкіміне кандидаттарды тіркеу қорытындысы туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 113-5 бабына сәйкес Ырғыз аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ауылдық округтерінің әкіміне келесі кандидаттарды тіркеді:
1. Ералыұлы Әділет, 1992 жылы дүниеге келген, «Ырғыз ауданы әкімінің аппараты» ММ, бас инспекторы, Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Хромтау ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсынған;
2. Омаров Ақнар Нұрлыбекұлы, 1990 жылы дүниеге келген, Мамыр негізгі орта мектебі, директор, Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Нұра ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсынған;
3. Сағитжанұлы Ербол, 1977 жылы дүниеге келген, «Ырғыз аудандық құрылыс, сәулет, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ, бас маман, Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Ырғыз ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсынған.