Білім — адам баласының ортақ қазынасы.
Жүсіп Баласағұн.
Білім - асыл қазына. Білім инемен құдық қазғандай. Адам өмірінің соңына дейін білім алады, ал кейде тіпті оның өзі аз болады. Адам қаншалықты білімді болса, соншалықты бай-қуатты болады.
Жас ұрпақтың білімге деген қызығушылығы қашан да жоғары. Адамдар бір орында тұрған жоқ, жылдан жылға түрлі технологиялар, жаңа білім бағдарламалары ойлап табылып, білім сапасы артуда. Егеменді еліміздің өркендеуі болашақ ұрпақ қолында. Ал егеменді еліміздің өркендеуіне өз үлесін қосатын ұрпақты тәрбиелеу біздің міндетіміз.
2022 жылдың қыркүйек айынан бастап аудан орталығында балалардың оқу процесінде алған білімдерін жинақтау, жетілдіру, кеткен кемшіліктері бойынша белгілі бағыттарда дамыту мақсатында курстар ашылып «Pro.Education» оқу орталығы жұмысын жасап келеді. Оқу орталығында орыс, ағылшын, қазақ тілдері бойынша тілдік курстар, математика және логика, бастауыш сыныптарда үй тапсырмасын түсіндіре отырып оқыту, әдебиеттік оқуы, математикасын дамыту, ҰБТке дайындық курстары ашылды. Қазіргі таңда оқу орталығында он бес шақты мұғалімнен екі жүз елуге жуық бала қосымша білім алып келеді.
Президентіміздің халыққа жолдауында Үш тілді білу қажеттігін қойып отыр. «Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын жоғарғы білімді ел ретінде танылуы тиіс. Бұлар Қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кіру тілі» - деп айтылған болатын.
Үштілді білім беру – заман талабы. Алпауыт мемлекеттермен тең дәрежеде иық теңестіру үшін алдымен тіл білудің маңызы зор.
Әлемдегі дамыған елдерді алып қарасақ көп тілді меңгерген, және өзінің коммуникациялық қабілетін кеңейтіп отыр. Ағылшын тілі елбасымыз айтқандай Әлемдік бизнес тілі. Ағылшын тілін меңгеру жастарға шексіз мүмкіндіктер ашады. Себебі, ағылшын тілінде бүкіл әлем сөйлейді. Ал келешекте дамыған отыз елдің қатарында көрінуіміз үшін қазіргі мектепте отырған жастардың үштілде білім алуы өте қажет. Осы мақсатта оқу орталығында орыс тілі, ағылшын тілі, қазақ тілі курстары ашылып онда 130-ға жуық бала қосымша білім алуда. Тілдік курстардың барлығы тәжірибелі, жоғары категориялы атап айта кететін болсақ, Бақтыбаева Мартай Бисенбіқызы, Өтемісова Гүлфайруз Рақымжанқызы, Шағанова Қаламқас Еркінқызы, Нұрмаханов Қайыржан Шамильұлы, Житомирұлы Данияр мұғалімдерімен жүргізіледі. Тілдік курстар бойынша оқу жылының басында жылдық жоспары жасақталып арнайы бағдарламалармен баланың білім деңгейіне байланысты топтарға болініп жүргізіледі. Бір топта бес баладан аспайды. Сонымен қатар, қосымша білім алумен қатар олар түрлі республикалық, облыстық, аудандық сайыстарға дайындап, қатыстырылып келеді. Орыс тілі пәні бойынша Қаламкас Еркінқызының дайындауымен Ы.Алтынсарин атындағы ЖББОМ 9 сынып оқушысы Русланқызы Нұрайым Республикалық пәндік олимпиаданың аудандық кезеңінен өтіп, облыстан мақтау қағазымен марапатталса, ағылшын тілі пәнінен Ы.Алтынсарин атындағы ЖББОМ 11 сынып оқушысы Бейбіт Дильназ Өтемісқызының жетекшілігімен пәндік олимпиаданың аудандық кезеңінен 2 орын иеленді. Сонымен қатар, «Кенгуру-Лингвист» ағылшын тілі бойынша Халықаралық конкурсқа қатыстырылған 26 оқушының барлығы 1 орындар иеленген.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша курсты жас маман Орысбайқызы Дана жүргізіп отыр. Курстың мақсаты сөйлеу тілінің грамматикасы қалыптастыру, қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айта білуге үйрету, сауатты жазуға дағдыландыру т.б.
Сонымен қатар, оқу орталығында бастауыш сыныптарда күнделікті үй тапсырмасын түсіндіре отырып, орындату, математика мен логикасын дамыту, көркем жазуы, әдебиеттік оқуын дамыту бойынша тәжірибелі ұстаздар Әжмағанбетова Даржан Әбілқызы, Баймұқанова Валентина Ершегеқызы, Жанаева Меруертгүл Қартқожақызы, Ельжанова Баян Турехановналар сабақ беруде. Курсқа қатысып жүрген бастауыш сынып оқушылары білімін дамытумен қатар, әр түрлі «Ақбота», «Мың бала» секілді зияткерлік конкурстарға қатысып жүлделі орындар иеленіп отыр.
Оқу орталығында математика бойынша мектеп курсының барлық кезеңі, логика және математика тереңдетілген курсы, арнайы мектептерге (НИШ, БИЛ-КТЛ, Физ-Мат) түсу конкурсына, Ғылым және Білім министрлігі бекіткен жылдың басты математикалық сайыстарына даярлық кезеңіне жұмыс жасайды. Курсты тәжірибелі мұғалім Италмасов Еркебұлан Абдолхамитович жүргізеді.
Математика курсы интенсивті, альтернативті және стандартты бағыттар бойынша ІІІ бағытта өткізіледі. Математика бағыты бойынша: бірнеше оқушы жыл сайынғы дәстүрлі пәндік олимпиада жеңімпаздары, Республикалық физика-математикалық мектептер ұйымдастырған конкурстар мен олимпиадалардың ақтық кезеңіне жолдама алды, мектеп бітіруші түлектердің «Алтын Белгі» иегерлері арасында өткізілген олимпиадада жүлдегерлері бар, бірнеше үздік оқушыларды атап өтетін болсақ, төменгі буындар арасынан: Шахина Жазира, Мұратбеккызы Каусар, Дуанбекова Бұлым, Кайыр Еркенұр, Жомартбеккызы Асел, Кайыр Нұрасыл, Жансерік Нұрсүгір, т.б. жоғарғы буыннан: Амантай Данияр, Досжан Еркенур, Ертарғын Маржан, Жакас Марал, Кенжехан Айзере, т.б.
Оқу орталығындағы математика - мектеп тақырыбынан тыс, оқушының логикалық ойлау қабілетін тереңдету бағытында жұмыс жасайтын арнайы курс ретінде бағытталған.
Қазірге кезде орта мектеп курсын бітірген оқушылардың Ұлттық біріңғай тестіге барып, әрмен қарай гранттарға түсіп, өздерінің мамандықтарын таңдау мүмкіндіктері бар екені белгілі. Оқушылардың өз пәндерін, яғни 5 пән бойынша білімдерін еске түсіру және тыңғылықты түрде дайындау мақсатында ҰБТ пәндері бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде. Математикалық сауаттылық бойынша Италмасов Еркебұлан Абдулхамитович, химия пәнінен Алтынбекқызы Мөлдір, биология пәнінен Ерғуатова Шолпан Орынбасарқызы, физика пәнінен Орын Қуаныш жүргізіп келеді.
Мектеп бағдарламасы негізінде жоспар құрылып, математикалық сауаттылық бойынша күнде, ал қалған пәндер бойынша аптасына үш сағат жүйелі дайындық жұмыстары жүргізіліп отыр.
Сонымен қатар, дайындыққа келіп жүрген оқушыларға тағы бір мүмкіндік «U-Study» тестілеу орталығының тесттерін орталықта тегін тапсырып, өздерінің жинаған балдарын біліп отыра алады.
Оқу орталығы екі бөлек тұрған ғимараттарда орналасқан. Балалардың сапалы білім алуына барлық жағдай жасалынған, олар екі мезгіл келіп қосымша білім ала алады. Курстардың бағасы қол жетімді. Атап айтсақ, бір пән бағасы 10 мың теңге болса, ұзартылған топта қосымша білім алу курсының бір айлық бағасы - 15 мың теңге.
Сондай-ақ, бүгінде орталықта үш пәннен қосымша білім алып жатқан оқушыларымызда бар. Олар жеңілдікпен ай сайын 24 мың теңге төлейді. Пән кабинеттері қажетті құрал жабдықтармен қамтылған.
Алдағы уақытта орталығымызда робототехника кабинетін ашуды жоспарлап отырмыз. Қазір аудан оқушыларына мұндай үйірме өте қажет. Себебі робототехника оқушылардың ойлау жүйесін дамытуға және практикалық тапсырмаларды шеше білуге, сондай-ақ математика, физика, информатика, технология, инженерлік технология негіздерін білуге ықпал етеді.
Толықбаева Ләззат Кенжеғалиқызы,
педагогика және психология магистрі,
«Pro.Education» оқу орталығының директоры