Аудан әкімі Н.Қызбергеновтің 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай құттықтауы

Аудан әкімі Н.Қызбергеновтің 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай құттықтауы

Ардақты аналар, аяулы арулар!

Сіздерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Ана – тіршіліктің тірегі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі, жақсылықтың бастауы. Ел тарихының қай кезеңінде болсын, батыр аналарымыз асқан ерлігі мен өнегелі істерінің арқасында бірлік, тұрақтылық, өркендеу сияқты арқаулы құндылықтар қалыптастыра білген.
Бүгінде өлкеміздің білім мен денсаулық, мәдениет пен әлеуметтік салаларының негізгі жүгін әйелдер қауымы көтеріп отыр. Сонымен қатар шағын кәсіпкерлік саласында және ауыл шаруашылығын дамытуда елеулі жетістіктерге жетіп жүр. Демек, олар отбасында аяулы ана, адал жар ретінде ұрпақ тәрбиелесе, одан бөлек олардың қоғамымыздың қозғаушы күші ретіндегі белсенділігі де артып келеді.
Осынау тамаша мереке сәтінде баршаңызға зор денсаулық, қажымас қайрат, шынайы отбасы бақытын тілеймін.
Жүздеріңізден күлкі, көңілдеріңізден қуаныш кетпесін!