Санитариялық-эпидемиологиялық ахуал

Санитариялық-эпидемиологиялық ахуал

2023 жылғы 24 қаңтары күні аудан әкімінің орынбасары А.Ж.Өксікбаевтың төрағалығымен "Ырғыз ауданы бойынша санитариялық-эпидемиологиялық ахуал және мәселелі сұрақтар" туралы кеңес өткізілді.
Кеңес барысында аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Т.С.Жолдыбай басқарманың өткен жылдағы атқарған жұмыстарына тоқталып, жұмыс барысында туындаған мәселелі сұрақтардың оң мәнді шешімін табу мақсатындағы ұсыныстарын берді.
Сонымен қатар, басқарма тарапынан жүргізілген тексерулер кезінде жиі анықталатын заң бұзушылықтар мен санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысыз жұмыс жасап жатқан объектілер бойынша мәселелі сұрақтарды көтерді.
Кеңес соңында аудан әкімінің орынбасары А.Ж.Өксікбаев тыңдалған баяндамадағы көтерілген мәселелі сұрақтар бойынша шешімін табу мақсатында тиісті мекеме басшыларына хаттамалық тапсырмалар берді.