
Балық аулау және аңшылық белсенді демалыстың керемет түрі болып табылады, алайда қауіпсіздік ережесін сақтамаса, ол қауіпті болуы мүмкін.
Жыл сайын балық аулау кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу себебінен адамдар суға батып кетеді.
Түнгі мезгілде балық аулауға немесе аңшылыққа тыйым салынады.
Аңшылыққа шыққан кезде және балық аулау кезінде сақтауға тиісті қарапайым ережелер:
1) өзімен бірге дәрі – дәрмек қобдишасы, қолшам, жергілікті жердің картасы, өзінің тұрған жерін құлақтандыратын құралы болуы тиіс;
2) балық аулар алдында немесе аңшылықты бастамас бұрын таңдап алынған жерді мұқият қарау керек;
3) спирттік ішімдік және есірткі заттарын пайдалануға тыйым салынады;
6) Мұздың үстімен жүріп келе жатқан кезде қауіпті жерлерді және қалың қар жатқан жерлерді айналып өтіңіз. Қалыңдығы 7 см болатын және көгілдір немесе жасылдау түске ие мұз өту үшін қауіпсіз болып саналады. Су айдындарындағы мұз тек толық қысқы мұз қату кезінде ғана берік болады.
7) Балық аулаушыларға жалғыздан балық аулауға шықпауға, мұз үстінде жүрген кезде бір-бірінен ара қашықтық 6-8 метр болуы және өзімен бірге мұз астына түсіп кетер қауіпте көмек көрсетуге арналған шетінде 0,5 кг салмағы болатын 10 метрден кем емес капронды жіп пен пенопласт алып жүруге кеңес беріледі.
Төтенше жағдай туындаған жағдайда «112» нөмірі бойынша құтқару қызметіне хабарласыңыз.
Ырғыз ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі