Цифрлық сауаттылықты арттыру бойынша тегін онлайн оқуға өтінім беріңіздер

Цифрлық сауаттылықты арттыру бойынша тегін онлайн оқуға өтінім беріңіздер

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының бес бағыты
Қазақстан өмірінің барлық салаларын және экономикасын цифрландыру – бұл әлемдік аренада озат позицияларда болу, сондай-ақ азаматтардың тұрмыс сапасын жақсарту және кәсіпкерлікті дамыту мүмкіндігі болып табылады. Осы мақсаттарда «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы бес басты бағыттар бойынша жұмыс істеуге арналған шаралар кешенін әзірледі.

1. Экономика салаларын цифрландыру
Цифрлық экономика – бұл ірі кәсіпорындарға да, кіші және орта бизнес үшін де онлайн-мүмкіндіктер мен инновациялық цифрлық технологияларды қолдану мүмкіндігі

2. Цифрлық мемлекетке өту
Цифрлық мемлекет – бұл азаматтар мен бизнес үшін кез келген уақытта онлайн қолжетімді, ашық және қолайлы мүмкіндіктер

3. Цифрлық Жібек жолын іске асыру
Цифрлық Жібек жолы интернетке жылдам әрі қауіпсіз қолжетімділікті және елдің тұтас аумағын мобильдік байланыспен сапалы қамтуды қамтамасыз етеді

4. Адами капиталды дамыту
Халықтың жаңа құзыреттері мен цифрлық сауаттылығын дамыту білім берудегі инновациялар арқылы мүмкін болады

5. Инновациялық экожүйені құру
Осындай экожүйе бизнес, ғылыми сала және мемлекет арасындағы тұрақты байланысы бар инновациялар мен технологиялық кәсіпкерлікті дамытады

Ақтөбе облысының цифрлық технологиялар басқармасы.