Қыс. Қауіп-қатер!

Қыс. Қауіп-қатер!

Қысқы кезең басталысымен қар жауу, қарлы боран, қатты аяз, көктайғақ сонымен қатар жолдардағы боран кезеңі басталады. Қауіпсіздік шараларын сақтамағандықтан төтенше жағдайлар қауіпі жоғарлайды.
Жолға шығатын болсаңыз, ең әуелі — синоптиктердің болжамдарын, ауа райының жағдайын ескеріп, бұқаралық ақпарат құралдарындағы Төтенше жағдай қызметтерінің хабарламаларын назарға алу керек. Алыс сапарға шығатын болсаңыз, әуелі автокөлігіңізді дайындап, көліктің барлық жүйелерінің техникалық жарамдылығын тексеріңіз. Екіншіден, қай жаққа, немен және қашан шығатыныңызды жақындарыңызға, сіз баратын жақтың адамдарына ескертіңіз. Межелі жерге жеткеннен кейін үйдегілерге хабар беріңіз. Оқыс оқиғалар жағдайда олар сізді іздеп, құтқару шараларын ұйымдастыратыны сөзсіз. Міндетті түрде сенімді деген байланыс құралын өзіңізбен бірге алыңыз.
Қыс кезеңіндегі төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында, әсіресе қатты боран, жолдағы бұрқасын кезінде, Ырғыз ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі азаматтарға келесі қауіпсіздік шараларды сақтауды ескертеді.
Көлікте:
- ауа-райы туралы ақпаратты тындап отырыңыз;
- қолайсыз ауа-райы кезінде, әсіресе түңде боран кезінде жолға шықпаңыз;
- жолдан шығып кетпеуге тырысыңыз;
- артық киімді ала жүріңіз;
- көлікте азық-түлікті артығымен алып, ыстық шаймен термос болатын болсын;
- қатты боранда тоқтағанда көлік капотын желге қарсы қойыңыз;
- түтін шығатын тетікті, терезені қардан тазалап отырыңыз. Көлікті мезгілдеп жылытып отырыңыз, жанармайды үнемдеңіз;
- үрейге баспаңыз, сабырлық сақтаңыз. Көліктен шығатын болсаңыз беліңізге арқан, жұмсақ трос, белбеу және т.б.
сақтық құрылғыларды байлап шығыңыз;
- көліктен алыс кетпеңіз;
- мезгілдеп қолшаммен, фаралармен, дыбыстық дабылмен және басқа да қондырғылармен дабыл беріңіз.
Жаяу:
- жылы киім киіңіз;
- шарбақтардың, қабырғалардың, жолдың бойымен жүріңіз;
- жүрген кезде асықпаңыз, мүмкіндігінше топтағы ең әлсіз адамның жүрген жылдамдығына бой түзеңіз;
- бір топ адамға бірінен соң бірі жүрген дұрыс, жүкті өзара бөліп, жүрген кезде сөйлеспеу керек;
- тұрған бойда демалыңыз, қарға отырмаңыз және жатпаңыз:
- тоңған немесе үсіген денеңізді қармен ысқыламаңыз, қар қиыршықтары одан бетер жараққатайды;
- егер де жүру мүмкін және қажет болмаса, боранның тыйылуын күтініз;
- алкогольдік ішімдіктер ішпеңіз;
- қардан баспана жасаңыз, оның ішінде өзінізге жылу қамтамасыз етесіз.
Сонымен қатар, қауіпті ауа-рай жағдайы, дауылды ескерту және жабық жолдар, алдын алу шаралары туралы халықты шұғыл ескерту мақсатында, ҚР ТЖМ «Darmen» ұялы қосымшасы әзірленіп бүгінгі таңда жұмыс істейді.
Төтенше жағдай кезінде 112 және 101 құтқару телефонына хабарлау қажет.
Ырғыз ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі