Эпидемиялық мәні болмашы объектілердің жұмыс істеуі үшін рұқсат құжатын алу жадынамасы

Эпидемиялық мәні болмашы объектілердің жұмыс істеуі үшін рұқсат құжатын алу жадынамасы

«Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын өнімдер мен эпидемиялық мәні бар объектілердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-220/2020 бұйрығы қосымшасының 4-тарауына сәйкес эпидемиялық мәні болмашы объектілерге:
- шаштараздар, сұлулық салондары, тері және сілемейлі жабынды бұзбай косметикалық қызметтерді, оның ішінде маникюр және педикюр бойынша қызметтер көрсететін косметологиялық орталықтар;
- моншалар, сауналар, сыйымдылығы 20 орынға дейін спорт-сауықтыру мақсатындағы объектілер;
- мәдени-ойын-сауық объектілері, зират, жерлеу мақсатындағы объектілер, қонақүйлер, мотельдер, кемпингтер, жатақханалар, әкімшілік, тұрғын (баспана) ғимараттары, тұрғын және қоғамдық ғимараттарды, кеңселерді пайдалану бойынша ұйымдар, үйлерді басқаратын ұйымдар, үй-жайлар меншік иелерінің кооперативтері, қоғамдық дәретханалар, кір жуу, химиялық тазарту орындары, тазарту құрылыстары;
- су құбыры, кәріз, жылу жүйелері, қазандыққа қызмет көрсету объектілері;
- кәріздік тазарту құрылыстары және желілері (оның ішінде жауын-шашын кәрізі);
- елді мекендердегі саябақтар;
- балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімдерді (аяқкиім, киім, ойыншықтар) дайындау, сақтау және өткізу объектілері;
- отыратын орын саны 50 және одан аз тамақ өнімдерін өндіретін, қайта өңдейтін және өткізетін қоғамдық тамақтану объектілері,
- отыратын орны жоқ тапсырыспен тағамдарды, аспаздық өнімдерді өндіретін кәсіпорындар;
- тамақ өнімдерін, азық-түлік шикізатын, шаруашылық-ауыз суды, қауіпті жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын ұйымдар мен көлік құралдары;
- азық-түлік базарлары, көтерме және бөлшек сауда объектілері жатады.
Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шiлдедегi № 360-VI ҚРЗ «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 24-бабы 1-тармағы 2-тармақшасына сәйкес эпидемиялық мәні болмашы объектінің қызметі (пайдаланылуы) хабарлама жасау бойынша жүзеге асырылады.