Халықаралық қарттар күні

Халықаралық қарттар күні

Ағымдағы жылғы 30 қыркүйекте аудандық "Арай" мәдениет үйінде Халықаралық қарттар күніне орай «Қариялар - елімнің қазынасы» атты мерекелік шара ұйымдастырылды.
Аудан әкімі Қызбергенов Нұрлан Қасымханұлы қазыналы қарияларды мерекемен құттықтап, өмір жолдары мен елі үшін жасаған еңбектерін ұлықтады.
Аудан ардагерлері атынан Мырзалы Өтемұратов, жастар өкілдерінен атынан Таңшолпан Әлібек құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.
Шара барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси дамуына елеулі үлес қосқан бірқатар ардагерлер аудан әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.
Сонымен қатар, ұзақ жылдар білім саласында еңбек етіп, мерейлі 75 жасқа толған Қарғабаев Терек Жақсылықұлын құттықтап, иығына шапан жауып, сый-құрмет көрсетілді.
Шара соңында аудан көркем өнерпаздарының мерекелік концерті ұсынылды.