Құрметті ақтөбеліктер!

Құрметті ақтөбеліктер!

2022 жылдың 10 қыркүйегінде Ақтөбе облысында санитарлық тазалау, абаттандыру және көгалдандыру бойынша күзгі екі айлық басталды.
Барлық салалар мен меншік нысандары мекемелерінің ұжымдарын, Ақтөбе қаласы мен аудандардың көппәтерлі және жеке тұрғын үйлерінің барлық тұрғындарын сенбіліктерге белсене қатысуға шақырамыз!
Біз тек өз аумағымызда ғана емес, көшелер мен алаңдарда, саябақтар мен скверлерде, өзен жағалауларында тазалық орнатуға тиіспіз.
Ақтөбе облысы - біздің ортақ үйіміз. Ондағы жайлылық пен сұлулық тек бізге байланысты. Ортақ үйімізді таза ұстайық!