Сәлеметсіз бе! Мен Ресей азаматымын, бірақ геосаяси жағдайға байланысты қазіргі уақытта Қазақстанда тұрып, жұмыс істеймін, менің зейнетақымен қамсыздандыру мәселем қалай шешілуде?

Сәлеметсіз бе! Мен Ресей азаматымын, бірақ геосаяси жағдайға байланысты қазіргі уақытта Қазақстанда тұрып, жұмыс істеймін, менің зейнетақымен қамсыздандыру мәселем қалай шешілуде?

29.05.2014 жылғы ЕАЭО туралы шартқа сәйкес, ЕАЭО мүше мемлекеттердің еңбекшілері мен отбасы мүшелерін зейнетақымен қамсыздандыру тұрақты тұратын мемлекеттің заңнамасымен, сондай-ақ ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер арасындағы жекелеген халықаралық шартқа сәйкес реттеледі. 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген 2019 жылғы 20 желтоқсандағы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісім (бұдан әрі-Келісім) осындай халықаралық шарт болып табылады.
Келісімнің негізгі мақсаты - ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер еңбекшілерінің зейнетақы құқықтарын жұмысқа орналастырушы мемлекеттің азаматтары сияқты шарттарда және тәртіппен қалыптастыру болып табылады, яғни ЕАЭО-ға мүше әрбір мемлекет ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттердің азаматтарына зейнетақымен қамсыздандыру құқығын өз азаматтарына берілетін көлеміне тең дәрежеде беруге тиіс.
Келісімнің нормалары ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттің аумағында еңбек қызметін уақытша жүзеге асыратын ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің азаматтарын жұмысқа орналастырып, жұмысқа орналастырушы мемлекеттің жұмыс берушісімен еңбек немесе азаматтық-құқықтық шарт жасасып, жұмысқа орналастырушы мемлекеттің зейнетақы жүйесіне міндетті түрде зейнетақы (сақтандыру) жарналарын төлей отырып, ресми жұмысқа орналастыру шартымен Келісім күшіне енгеннен кейінгі кезеңде еңбекшінің жинаған жұмыс өтіліне қолданылады.
Сонымен қатар, Келісімнің 2-бабы 2-тармағының 2.3. тармақшасында Келісім Қазақстан Республикасында зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдеріне қолданылатыны белгіленген:
1) зейнеткерлік жасқа толғанда;
2) егер мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, бірінші және екінші топтардағы мүгедектік белгіленген кезде;
3) мұрагерлерге біржолғы төлем.
Осылайша, Қазақстан Республикасында:
2021 жылдың қаңтарынан бастап жұмыс беруші шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат алмай тұрып жасаған еңбегі немесе азаматтық-құқықтық шарт негізінде уақытша еңбек қызметін жүзеге асыратын ЕАЭО елдері азаматтарының табысын есептеу кезінде БЖЗҚ-ға зейнетақы жарналарын (МЗЖ/МКЗЖ) ұстап қалуға және аударуға міндетті. Бұл ретте МЗЖ және (немесе) МКЗЖ есепке алу үшін жеке зейнетақы шоттары (ЖЗШ) жұмыс берушіден түскен МЗЖ/МКЗЖ бастапқы сомасын аударған кезде БЖЗҚ-да автоматты режимде ашылатын болады;
еңбек шарты немесе жұмыс берушімен азаматтық-құқықтық шарт бұзылған жағдайда БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алу құқығы аталған тұлғаларда Келісімнің 2-бабы 2-тармағының 2.3-тармақшасында көзделген талаптар басталған кезде ғана пайда болады.
Бұл ретте ЕАЭО елдерінің, оның ішінде Ресей Федерациясының азаматтары зейнетақы төлемін алу үшін Келісімді іске асыру бойынша Қазақстандағы құзыретті орган болып табылатын БЖЗҚ-ға не тұратын мемлекеттің құзыретті органына, мысалы, Ресей Федерациясының зейнетақы қорына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құжаттарды ұсына отырып, жүгінуге құқылы болады.