Инвестициялық декларация

Инвестициялық декларация

Бұл инвестициялық қызметтің негізгі бағыттарын, мақсаттары мен шектеулерін анықтайтын, стратегияны, инвестициялық нысандардың тізімін, сатып алуға болатын қаржы құралдарының түрлерін, сыйақыны есептеу саясатын және т.б сипаттайтын инвестициялық ұйымның құжаты.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі зейнетақы активтерінің сенімгерлік басқарушысы болып табылады. 2021 жылдың басынан бастап азаматтар зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегінен асатын бөлігін бір немесе бірнеше жеке инвестициялық портфельді басқарушыларға (ИПБ) аударуға мүмкіндік алды.
Сіз қолданыстағы ИПБ тізімімен, олардың инвестициялық декларациясын enpf.kz сайтындағы «Қызметтер» - «Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін ИПБ-ға сенімгерлік басқаруына аудару» бөлімінде таныса аласыз.