Салымшы (алушы) қайтыс болған жағдайда БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алуға арналған іс-қимыл алгоритмі

Салымшы (алушы) қайтыс болған жағдайда БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алуға арналған іс-қимыл алгоритмі

Жерлеуге біржолғы төлем
1. Зейнетақы жинақтары бар қайтыс болған адамның отбасы мүшелері немесе жерлеуді жүзеге асырған адам қажетті құжаттармен БЖЗҚ-ның кез келген бөлімшесіне жүгінеді
2. Зейнетақы төлемдері БЖЗҚ-ға құжаттар қабылданған не келіп түскен күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Зейнетақы жинақтарын мұрагерлікке алу
1. Мұрагер мұраны алу үшін нотариусқа немесе басқа уәкілетті тұлғаға өтініш береді. Өтініш мұра қалдырушы қайтыс болған күннен бастап 6 ай ішінде берілуі тиіс.
2. Нотариус мұраға құқық туралы куәландыратын құжат береді.
3. Мұрагер қажетті құжаттармен БЖЗҚ-ның кез келген бөлімшесіне жүгінеді. Құжаттарды пошта байланысы немесе үшінші тұлға арқылы да беруге болады. Құжаттар тізімі оларды беру әдісіне байланысты екенін ескертеміз.Толық ақпарат enpf.kz сайтында Қызметтер бөлімінде орналасқан.
4. Зейнетақы төлемдері БЖЗҚ-ға құжаттар қабылданған не келіп түскен күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.