Аудан әкімінің жұмыс сапары

Аудан әкімінің жұмыс сапары

Бүгін аудан әкімі Н.Қызбергенов Қызылжар ауылдық округінде болып, әлеуметтік және кәсіпкерлік нысандарды аралады. Алдымен "Балдәурен" бөбекжай-бақшасының жөндеу жұмыстарының қарқынымен танысып, жұмыстың уақытылы аяқталуына тапсырма берді. Одан соң, жеке кәсіпкер Ғ.Тапақовтың жаңа салып жатқан кәсіпкерлік нысанында болып, оң бағасын берді. Мұндай кәсіптік бастамалардың мемлекет тарапынан әрқашан қолдау табатынын айтқан аудан әкімі нысанның іске асырылуына қолдау көрсету жөнінде округ әкіміне тапсырма берді.