Қайтыс болған салымшының зейнетақы жинақтарының жай-күйі не болады?

Қайтыс болған салымшының зейнетақы жинақтарының жай-күйі не болады?

БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болған жағдайда, оның жинағы заңнамада белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылады.
Мұраға ие болу үшін мұрагер нотариусқа немесе уәкілетті лауазымды тұлғаға өтінішпен жүгінуі тиіс. Бұл ретте мұра мұра қалдырушы қайтыс болған күннен бастап 6 ай ішінде қабылдануы мүмкін.
БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алу үшін құжаттар топтамасын ұсыну қажет. Қажетті құжаттардың тізбесі БЖЗҚ-ға бірнеше тәсілдермен ұсынылуы мүмкін: жеке өтініш білдіру/пошта байланысы арқылы/үшінші тұлға арқылы. Толық ақпарат enpf.kz сайтында Қызметтер бөлімінде орналасқан.
Зейнетақы төлемдері БЖЗҚ-ға құжаттар қабылданған не келіп түскен күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Зейнетақы жинақтары БЖЗҚ-да мерзімсіз сақталады, мұрагерлер төлем алуға кез келген уақытта өтініш бере алады.