Міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден кімдер босатылады?

Міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден кімдер босатылады?

БЖЗҚ-ға міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) төлеуден келесі тұлғалар босатылады:
🔹 зейнеткерлік жасқа толғандар;
🔹 мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленген 1 немесе 2 топтардағы мүгедектігі бар жеке тұлғалар. Алайда олар МЗЖ төлеуді өтініш бойынша жүзеге асыра алады;
🔹 әскери қызметшiлер (мерзiмдi қызметтегі әскери қызметшiлерден басқа), арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлері, сондай-ақ, арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар;
🔹 еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушылар;
🔹 салық агенттері болып табылмайтын жеке тұлғалармен жасалған, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кірістер алатын, еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін жеке тұлғалар.