Аудан әкімі Н.Қызбергеновтің "1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні" мерекесіне орай аудан тұрғындарын құттықтауы

Аудан әкімі Н.Қызбергеновтің  "1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні" мерекесіне орай аудан тұрғындарын құттықтауы

Құрметті жерлестер!
Баршаңызды 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Халық даналығында «Бірлік түбі – береке» деген нақыл сөз бар. Біздің жеткен жетістіктеріміздің түп қазығы татулық пен бірлігімізде. Қазақстан халқының бірлігі күні бүгінгі таңда бейбіт өмір мен ынтымақта тұрмыс кешіп отырған ел тұрғындары үшін ыстық ықылас пен достық ниеттің дәстүрі, асыға күтер мейрамы.
Еліміз Тәуелсіздік алғаннан бері халықтар арасындағы татулық пен ынтымақ еш бұзылмай, бүгінге дейін түрі басқа тілегі бір, жүзі басқа жүрегі бір, діні басқа ділі бір қаншама этнос өкілдері бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп, бірліктің жарқын үлгісін көрсетіп келеді. Бұл күн – әрбір қазақстандық, оның ішінде ырғыздықтар үшін де Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, азаматтық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі.

Ардақты ағайын!
«Іргесі берік елді жау ала алмас, ауызы бір елді дау ала алмас» деген бабадан жеткен дана сөз бар. Бүгінгі мерейлі мереке күні егемен еліміздің дамуына лайықты үлес қосып келе жатқан қажырлы еңбектеріңіз бен киелі Ырғыз топырағынан нәр алған ынтымақ-бірліктеріңіз үшін сіздерге алғысымды білдіремін.
Берекелі бірлігіміз бен тату тірлігіміз толымды істеріміздің ұйытқысы бола берсін!