Коронавирус инфекциясының алдын алудың жайы туралы

Коронавирус инфекциясының алдын алудың жайы туралы

Қазірде еліміз бойынша эпидемиологиялық ахуал күрделі. Осы орайда бүгін аудан әкімінің орынбасары Серік Қонақбаев, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Айтбай Бейсенбайұлы, аудандық мәслихат депутаты Құралай Берекеш аудандық ауруханада болып, коронавирус инфекциясының алдын алу жұмыстарымен танысты.
Аудандық аурухананың бас дәрігері Ернар Домақов қазіргі қалыптасып отырған ахуал туралы баяндады. Оның айтуынша ауруханада дәрі-дәрмектің екі айлық қоры, оның ішінде 95 түрі бар, вакцинациялау мен ревакцинация жұмыстары үздіксіз жүргізілуде. Биыл жылдың басынан бері 9 адамнан коронавирус инфекциясы анықталып, ем қабылдауда. 2 науқас вирусты пневмония диагнозымен инфекциялық стационарға жатқызылған. Аудандық аурухананың жедел жәрдем бөліміне жедел респираторлық вирустық инфекция диагнозымен шақыртулар саны жиілеген.
Аудан әкімінің орынбасары вакцинация мен ревакцинация жұмыстарын күшейтуді, тұрғындар арасында коронавирусты инфекцияның алдын алу шараларын әлеуметтік желілер арқылы көбірек түсіндіруді тапсырды. Аудандық мәслихат депутаты Қ.Берекеш ішкі ұйымдастыру жұмыстарына байланысты ұсыныстарын білдірді.