Уайдин Үмбетбай атындағы кабинет ашылды

Уайдин Үмбетбай атындағы кабинет ашылды

26 қарашада Ырғыз гимназиясында жерлесіміз, сатирик, жазушы, ақын, журналист, фельетоншы, Ырғыз ауданының құрметті азаматы Уайдин Үмбетбай Уайдаұлының атындағы кабинеттің ашылу рәсімі өткізілді. Шара барысында Ү.Уәйдаұлының өмір жолы мен шығармашылығы жөнінде ақпарат берілді. Ырғыз гимназиясының директоры Гүлжайнар Нұрманова аталған істі қолға алудағы мақсат пен алдағы жоспарлар жөнінде әңгімеледі.
Ырғыз ауданының әкімі Әділкерей Әуелбаев Үмбетбай Уайдинмен рухани байланысы туралы айтып, ол кісінің есімін есте қалдыру мақсатындағы шаралар жалғаса беретінін атап өтті. Ақынның жары Мариям Алданова аудан басшылығы мен барша ырғыздықтарға жерлестеріне көрсетіп келе жатқан құрметтері үшін алғысын білдіріп, Ырғыз гимназиясына жазушының бірқатар кітаптарын тарту етті. Келесі кезекте сөз алған еңбек ардагері Нұрқасым Сәрсенбайұлы шараның тағылымдық маңызына тоқталып, кабинет Үмбетбайтану ісінің орталығына айналса деген ұсынысын ортаға салды. Бұдан кейін кабинеттің лентасы қиылып, қонақтар заманауи үлгіде жабдықталған кластағы Ү.Уайдинге арналған материалдармен танысты.