Аудан әкімі Әділкерей Әуелбаев Ырғыз ауылында жүргізіліп жатқан екі қабатты 8 пәтерлі тұрғын үйдің құрылыс-монтаж жұмыстарының барысымен танысты. Аталған нысанның 2022 жылдың шілде айында пайдалануға берілуі жоспарланған. Ағымдағы жылы тұрғын үйдің іргетасын құю, қабырғаларын көтеру және силикат кірпішпен қаптау, шатырын жабу т.б. жұмыстар атқарылуы тиіс. Қазіргі уақытта құрылыс-монтаж жұмыстары бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес жүргізілуде.
Бұдан соң аудан әкімі Ырғыз ауылындағы бес бір пәтерлі жалдамалы-коммуналдық тұрғын үйлердің құрылыстарын қарады. Бұл тұрғын үйлерді пайдалануға беру желтоқсан айына жоспарланған. Бүгінгі күнге жұмыстардың 87 пайызы атқарылған. Аудан басшысы барлық жұмыстардың жоспарланған мерзімге орындалуын және құрылыс сапасының қатаң сақталуын қамтамасыз ету қажеттігін ескертті.